«Еңбек ер атандырады» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу өтті
Еңбек күні қарсаңында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновация институтында «Еңбек ер атандырады» атты маңызды іс-шара өтті. Кездесуге қонақ болып институтымыздың ұлағатты ұстазы, профессор Ұлтай Нұрманалиева, облысымыздың беделді дәрігер-хирургі Далихан Амиров және Қазақстан тарихындағы алғашқы паралимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Паралимпиада құрамасының капитаны Зүлфия Раухатқызы Габидуллина қатысты.
Кездесуді институт ректоры Махметғали Сарыбеков ашып, еңбек пен табандылықтың жеке және кәсіби жетістіктерге жетудегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер мен оқытушылар еңбек ардагерлерінен шабыт алып, олардың еңбек жолымен танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында қонақтарға гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпаттар табыс етіліп, іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.