COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Шерхан институтында Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Шерхан институтында Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

 

1 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Қарттар күніне арнап іс-шара өткізді. Бұл мерекелік шарада институттың дамуы мен студенттердің білім алуы жолында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Оларға ақ дастархан жайылып, шынайы алғыс пен ізгі тілектер білдірілді.

 

 

Шараның ашылуында институт басшылығы ардагерлердің институт тарихындағы маңызды рөлін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп келе жатқан ардагерлер болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде өздерінің баға жетпес үлесін қосып келеді.

 

 

Мерекелік кеш барысында Мықтыбек Жұмабаев пен Бекет Абдраков институттың 15 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Бұл төсбелгі олардың институттың құрылған кезінен бастап атқарған жемісті еңбегін және оқу орнының дамуына қосқан зор үлесін мойындау ретінде табысталды.

 

 

Сонымен қатар, ардагер ұстаздар Амантай Қарынбаев, Серік Тәжібаев, Жанат Сарыбекова, Алмасбек Белботаев, Бейбіт Жакашев, Елизавета Қойбақова, және Айдархан Сихаев«Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың білім саласына қосқан үлестері мен адал еңбектері жоғары бағаланып, одақ тарапынан ризашылық білдірілді.

 

 

Сонымен бірге, институт президенті Нұржан Муслимов өз атынан Тұрсынәлі Тулеев, Балжан Тлепова, Мұқатай Немеребаев, Меңдібай Абиловжәне Ғали Исақовқа алғыс хат табыстады. Бұл марапаттар олардың оқу үдерісін жақсарту және институттың ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы еңбектері үшін берілді.

 

 

Бұл іс-шара ардагерлерге деген шексіз құрмет пен алғысты білдіріп қана қоймай, олардың білім ордасының қалыптасуындағы рөлі мен білім саласына қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына болып қала беретіні сөзсіз.