COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Ауыл» партиясының аймақтық семинары өтті

«Ауыл» партиясының аймақтық семинары өтті

 

13 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ауыл» партиясының орталық аппарат қызметкерлері қонақта болды. Қонақтар алдымен Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, институттың жатақханасымен және жаңартылған бас ғимаратымен танысты. Сонымен қатар, Агробиология орталығы мен Аквакультура орталығына экскурсия жасалып, институттың ғылыми және оқу жетістіктері жайлы кеңінен мағлұмат берілді. 

 

 

Іс-сапардың келесі күні, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» депутаттық фракциясының жетекшісі, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев партия активімен кездесу өткізді. Бұл кездесу «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан аймақтық партия активтеріне арналған семинар аясында ұйымдастырылды. 

 

 

Семинардың басты мақсаты – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау. Президент Қ.Тоқаев II Республикалық форумда партиялар өз депутаттарының кәсіби және қоғамдық-саяси тәжірибесін жетілдіру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай, «Ауыл» партиясы елдің 5 өңірінде оқыту семинарларын ұйымдастыруды жоспарлаған. 

 

 

Семинарлар топтамасының алғашқысы Орал қаласында Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының партия активімен өткізілген. Ал Тараздағы бұл кездесу – екінші семинар. Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының XXIV съезінде аймақтар тарапынан түскен ұсыныстар ескеріліп, алдағы уақытта Павлодар облысы мен Алматы қаласында да осындай оқыту семинарлары жалғасатынын атап өтті. 

Бұл іссапар мен семинар ауыл шаруашылығындағы жаңа бағыттар мен жобаларға, сондай-ақ партия мен институт арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына негіз болмақ.