COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ХТИИ студенттері республикалық зияткерлік ойында 1-орын иеленді

ХТИИ студенттері республикалық зияткерлік ойында 1-орын иеленді

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастарды біріктірген республикалық «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты зияткерлік байқауда үлкен жетістікке қол жеткізді. Институт командасы байқаудың интеллектуалдық сайыстарында үздік өнер көрсетіп, 1-орынды иеленді.

 

Абай облысында өткен республикалық байқау 

Абай облысында ұйымдастырылған бұл ерекше шара еліміздің жас дарындарын жинап, ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының мол мұрасымен терең танысуға мүмкіндік берді. Байқау аясында викториналар, квиздер және «Абай жеріне саяхат» атты әдеби квест сияқты интеллектуалдық сайыстар өтті. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарды шешіп қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттерін де көрсетті.

 

ХТИИ командасының жетістігі 

ХТИИ студенттері байқаудың барлық турларында білімдері мен шеберліктерін дәлелдеп, жоғары балл жинады. Атап айтқанда, команда 1-турда ең жоғары 39 балл жинап, алдыңғы қатарға шықты. Бұл тур қатысушыларды Абай атамыздың туған жері – Бөрілі, Жидебай, Қасқа бұлақ сияқты тарихи мекендерге саяхат жасатып, Абай мен Шәкәрімнің мұраларын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Қатысушылар тарихи орындарды аралап, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жоғары нәтиже көрсетті. 

Біздің оқу орнымыздан  қатысқан студенттер: Данабек Мұратов (ҚТ 21-1), Айнұр Нұрбек (ҚТ 24-1), Нұрай Ерқара (ҚТ 24-1) білім мен шығармашылықтың үйлесімін көрсетіп, байқаудың ең жоғары бағасына ие болды. Олардың жеңісі – командалық жұмыстың, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың айқын көрінісі.

 

2-тур: Quiz ойыны 

Екінші турда Семей қаласына оралған студенттеріміз Семей колледжінде өткен Quiz ойынына қатысты. Бұл турда да ХТИИ командасы өздерінің білімдері мен шапшаңдықтарын тағы бір мәрте дәлелдеп, қарсыластарынан оза шықты.

«Бұл байқау біз үшін тек интеллектуалдық жарыс емес, рухани тәжірибе болды. Семей қаласынан шығып, Бөрілі, Жидебай, Қасқа бұлақ, Ералы жазығындағы Еңлік пен Кебек ескерткіші сияқты тарихи орындарды аралап, Абай мен Шәкәрімнің өміріне терең үңілдік. Осылайша, 1-турда ең жоғары балл жинап, алға шықтық. Ал Семей колледжінде өткен Quiz турында да біздің жастар өз білімдерін көрсетіп, жоғары жетістікке жетті», – дейді ХТИИ командасының жетекшісі, “Жастар жобалары мен еріктілік қызметі” секторының жетекшісі Назгүл Әбітаева.

 

 

Марапаттау 

Сонымен қатар, байқауда жеңіске жеткен ХТИИ командасы Абай облысының ішкі саясат басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан алғыс хатпен де марапатталды. Бұл – олардың әділдік пен білімді насихаттаудағы еңбегінің айқын дәлелі.

 

Қорытынды 

Бұл жеңіс – үлкен жетістіктердің басы ғана! ХТИИ студенттері еліміздің білім саласында тағы да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз. Жеңімпаздарға алдағы уақытта да сәттілік пен табыс тілейміз! Біздің студенттеріміз елдің абыройын асқақтатып, әділдік пен білімді насихаттай береріне сенім мол.