COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Жамбыл аймағында трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Жамбыл аймағында трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

 

2024 жылғы 5 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының әкімшілік ғимаратында «IRN BR24993128 бағдарламасын іске асыру: Жамбыл аймағының ауыл шаруашылығы саласында трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалануға арналған ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға осы саладағы сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері мен ЖОО мамандары қатысты.

 

 

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – IRN BR24993128 жобасының қазіргі жағдайын және болашағын талқылау, жоба бойынша бірлескен жұмыс стратегиясын құру, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану үшін нақты бағыттарды айқындау. Талқылау барысында техникалық және ғылыми аспектілерге ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қатысушыларының пікірінше, бұл бастама аймақтағы су ресурстарын тиімді басқару ісінде айтарлықтай маңызға ие.

 

 

«Біздің мақсатымыз – тек қана су ресурстарын сақтап қалу емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығына олардың оңтайлы жеткізілуін қамтамасыз ету. Бұл ақпараттық-талдау жүйесі арқылы біз су қорларын тиімді пайдалануды, суды үнемдеп, қажетті жерлерге дәл мөлшерде жеткізуді қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда трансшекаралық өзендер мәселесі өте өзекті, сондықтан барлық тараптардың бірлесіп жұмыс істеуі маңызды», – деген пікірде жиынға қатысушылар. 

 

 

Олардың құрамында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғалымдары, «Astana IT University» ЖШС өкілдері, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік инспекциясы және ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің « Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану» комитетінің Шу-Талас бассейндік инспекциясы өкілдері болды.

 

 

Кездесу барысында қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, IRN BR24993128 бағдарламасы аясында әзірленіп жатқан ақпараттық-талдау жүйесінің әлеуетін бағалады. Қатысушылар алдағы уақытта осы жобаны жетілдіру мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

 

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Жамбыл аймағының ауыл шаруашылығы саласында су ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал ететін маңызды шешімдер қабылданды. Қатысушылар Жамбыл өңірінде бұл бағытта өзара үйлестірілген және үйлесімді жұмыстарды жалғастыруға және болашақта су ресурстарын басқаруда инновациялық тәсілдерді енгізуге мүдделі екенін жеткізді.