COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / "Алтын шаңырақ" Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті

"Алтын шаңырақ" Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті

 

2024 жылдың 11 қазанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында “Алтын шаңырақ” Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында Ассамблеяның негізгі ережелері мен қызметі таныстырылып, оның студенттер арасындағы этносаралық келісім мен бірлік құндылықтарын нығайтудағы рөлі талқыланды. 

Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде “Қоғамдық келісім” КММ Жобаларды іске асыру және құрылымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші сарапшысы, жастар ісі жөніндегі маманы – Алмас Ақынтай, Республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Тұрдыева, “Қоғамдық келісім” КММ Жобаларды іске асыру және құрылымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші сарапшысы – Рахат Ерханұлы қатысты.

 

 

 

Кездесу барысында қонақтар студенттерге Ассамблеяның негізгі мақсаты – Қазақстанның көпұлтты қоғамында бірлік пен татулықты насихаттау, жастарды ынтымақтастыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеу екенін атап өтті. Сондай-ақ, студенттік Ассамблеяның этномәдени диалогты дамытуда, волонтерлік бастамаларды қолдауда және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда ерекше рөл атқаратыны айтылды. 

Ассамблеяның негізгі міндеттері қатарында:

• студенттерді келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде біріктіру;

• Ассамблея қызметіне жастарды тарту, мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру;

• этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу;

• волонтерлік пен этномедиацияны дамыту;

• халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бар.

 

 

 

Келесі отырыстар тоқсанына бір рет өткізіліп тұрады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта студенттік Ассамблея аясында жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді тарту, этносаралық келісімді нығайтуға арналған жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Жиын соңында қонақтар студенттермен ашық пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді.