COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Ұлттық валюта күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ұлттық валюта күніне арналған дөңгелек үстел өтті

 

2024 жылдың 14 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен 15 қараша - Ұлттық валюта күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Жамбыл облыстық филиалының өкілдері мен басқа да қаржы саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Ұлттық валютаның еліміз үшін маңызын атап өту және оның егемендігіміздің символы ретіндегі рөлін түсіндіру болды. Елдің төл валютасы – экономикалық саясаттың тәуелсіздігін, қаржы тұрақтылығын және банк жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.

 

 

Іс-шараға қатысқан құрметті қонақтар қатарында:

• Оразғалиев Қуаныш Баязитұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Жамбыл облысы филиалының Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бастығы;

• Омарова Амина Жангелдіқызы – Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі бастығының орынбасары;

• Уәшев Сұлтанәлі – Бас маман-экономист;

• Мейрманова Жұлдыз Жарылқасынқызы – «Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту бөлімінің басшысы.

 

 

Оразғалиев Қуаныш Баязитұлы іс-шара барысында еліміздің ұлттық валютасының тарихына тоқталып, оның экономикалық жүйедегі орнын ерекше атап өтті. Өз сөзінде ол: «Теңге – Тәуелсіздіктің ерекше нышаны, ол ел экономикасының тұрақтылығы мен дербестігін қамтамасыз етеді. Төл валютамыз арқылы Қазақстан жаһандық нарық жүйесінде өзіндік орнын айқындап отыр»,-деп атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Ұлттық Банктің атқарып жатқан қызметтерімен, теңге тұрақтылығы мен қорғанысын қамтамасыз етудегі жұмыстармен танысып, ұлттық валюта рөліне қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Шара соңында студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушылар арасында қызу пікірталас өрбіді.

Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шара студенттерге экономикалық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ ұлттық валютаның мәні мен маңызына тереңірек бойлауға мүмкіндік берді.