"Академиялық ұтқырлық: жаһандық тәжірибеге қадамдар" атты ақпараттық күн өтті
Шерхан Мұртаза институтының Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен "Академиялық ұтқырлық: жаһандық тәжірибеге қадамдар" атты ақпараттық күн өтті.
Түркияның Алания Алааддин Кейкубат университетінің профессоры Кемаль Кантарчи шетелде тәжірибелік жұмысқа қатысу және жазғы демалысты тиімді пайдалану жолдары жайлы баяндама жасады. Оның шетелдік білім беру жүйесі және кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламалары бойынша кеңестері студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды.
Қатысушылар шетелде білім алу бағдарламаларына өтініш беру жолдары, олардың талаптары мен мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат алды.
Шара барысында студенттер жаһандық тәжірибеге жақын болу үшін жасалатын нақты қадамдармен танысты. Бұл кездесу академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға деген қызығушылықты арттырып, шетелде білім алуға ниет білдірушілерге бағыт-бағдар берді.
"Академиялық ұтқырлық: жаһандық тәжірибеге қадамдар" атты ақпараттық күн қатысушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік болды. Алдағы уақытта осындай мазмұнды шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, студенттердің халықаралық деңгейде дамуына қолдау көрсетіледі.