COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / «Экономикалық мамандықтардың заманауи трендтері» тақырыбында облыстық семинар өтті

«Экономикалық мамандықтардың заманауи трендтері» тақырыбында облыстық семинар өтті

 

2024 жылы 21 қарашада "Экономика және бизнес" факультеті академиялық комитет шеңберінде «Экономикалық мамандықтардың заманауи трендтері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға институттың жұмыс берушілері, ПОҚ және білім алушылар қатысты. Сонымен, онлайн форматта Satbayev University тұрақты даму жөніндегі жобалық кеңсесінің басшысы, ПРООН ұлттық консультаты Төлегенова Жанна Викторовна сөз сөйлеп, экономикалық мамандықтар мамандануының жаңа бағыттарымен таныстырды. Өз баяндамасында келешегі зор пәнаралық мамандықтарды даярлауға ерекше назар аударылды. Мұндай оқу бағдарламалары кәсіби өмірге жақын, өйткені іс жүзінде салааралық мәселелерді де шешуге тура келеді.

 

 

Семинарға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Жамбыл филиалдары экономикалық талдау және статистика бөлімнің бастығы Тасқараев Талант Маратұлы, «БЦК» АҚ Тараз филиал директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Оспанова Лаура Болысбекқызы, Қантарбаев Қанат Айтжанұлы -"Jusan Bank " АҚ Тараз филиалдың аймақ сатудың бастығы, Тараз қаласы әкімінің "Бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімі" ҚММ басшы Ордабаев Жандос Ілиясбекұлы және -"Тараз"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Басқарма төреғасының кеңесшісі Арзықұлов Дидар Әлімханұлы өз баяндамаларында белсенді талқылап, "Бизнес және басқару" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларына жаңа құзыреттерді еңгізу туралы өз пікірлерін білдірді.