«Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері» атты ашық сабағы
Ағымдағы жылдың қараша айының 26 күні “Жалпы педагогика” кафедрасының сеньор-лекторы, магистр Таджикова А.Д. ҚТ-23-1,3 тобымен “Жалпы психология” пәнінен «Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабаққа факультет деканы Т.Нурбеков, кафедра меңгерушісі Р.Елубаева, кафедра профессор-оқытушылар құрамы және 4 курс студенттері қатысты.
Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi.
Сабақтың максаты: Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктерін анықтау.
Оқытудың әдістері: интербелсенді әдіс, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл», (WORDWALL) қолдану, «Постермен жұмыс» ізденіс-шығармашылық.
Сабақ барысында қазіргі сұраныска ие Жасанды Интеллект қолданылды, интерактивті жаңа әдістер, WORDWALL платформасы арқылы ойындар, топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақ жоғары деңгейде өтілді.