COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / SMM-сауаттылықты арттыруға арналған шеберлік сағаты өтті

SMM-сауаттылықты арттыруға арналған шеберлік сағаты өтті

 

Шерхан институтында оқытушылар мен бөлім қызметкерлерінің әлеуметтік медиа саласындағы білімін жетілдіру мақсатында SMM-сауаттылықты арттыру бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.

 

 

Шара барысында талқыланған негізгі тақырыптар:

Қазіргі заманғы SMM-нің рөлі және трендтер;
Әлеуметтік желілерде бренд қалыптастырудың маңыздылығы;
Тартымды мәтін мен сапалы визуал жасаудың тиімді әдістері;
Аудиториямен өзара әрекеттесудің заманауи тәсілдері.

 

 

Шеберлік сабақтың спикерлері:

Алмат Садуақас, “Өңірлік коммуникациялар қызметі” директоры;
Бағлан Батырбек, Маркетинг және жарнама басқармасының басшысы;
Лаура Рысбек, институттың баспасөз хатшысы.

 

 

Іс-шараға қатысушылар аудиториямен тиімді жұмыс істеу, сапалы контент құру және әлеуметтік желілердегі өзара әрекеттесудің заманауи әдістерін меңгерді. Спикерлердің тәжірибелік кеңестері мен пайдалы ақпараттары қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға септігін тигізді.

 

 

Институт ректоры Махметғали Сарыбеков әлеуметтік желілер арқылы оқу орнының брендингін қалыптастырудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, сапалы және жүйелі SMM жұмысы оқу орнының имиджін нығайтып, жастар мен қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

SMM әлеміне бірге қадам басқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!