COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / "Жастар – салауатты болашақ үшін!" атты кездесу өтті

"Жастар – салауатты болашақ үшін!" атты кездесу өтті

 

Бүгін  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде “Жастар – салауатты болашақ үшін!” атты кездесу өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және университеттің Жастар саясаты және тәрбие жұмыстары басқармасы  бірлесіп ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі қылмысының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

 

Кездесудің модераторы университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова жастардың салауатты өмір салтын ұстанудағы рөлі мен есірткі қылмысына қарсы күрестегі маңыздылығына тоқталып, кездесуді ашты.

 

 

Іс-шара қонағы - Ауған соғысының ардагері және «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Дүкенбай Ермеков жастарды салауатты болашақ үшін күресуге шақырды. Ол есірткімен күрестің тек полиция органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін атап өтті.

 

 

Ал, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі - Айгерім Каукешова  жастар арасында есірткі қылмысына қатысты заңнаманы түсіндіріп, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

 

 

Сондай-ақ, кездесу спикері ретінде қатысқан Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Кадралиев  жастарды белсенді қоғамдық жұмыстарға тартудың маңыздылығын айтып, нақты жобаларды таныстырды.

 

 

Жамбыл облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы-  Азат Пирматов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы баяндама жасап, ата-аналар мен қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – синтетикалық есірткілер мен есірткі тасымалдаушылар(закладчиктер) қызметі туралы айтылды. Жастарды бұл қауіпті құбылыстардың салдарымен таныстыру мақсатында арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді. Фильмде есірткі заттарының зияны, олардың таралу әдістері және құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстары жан-жақты көрсетілді.

Осылайша жастарға салауатты өмір салтының пайдасы, есірткі қылмысының салдары мен онымен күрестің маңыздылығы туралы кең ақпарат берілді. Қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу орын алып, жастардан сұрақтар қабылданды.