Шерхан университетінің студенттері шетелде білім алуға аттанды
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері Түркия, Польша және Корея елдеріндегі жоғары оқу орындарында академиялық білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін университет ректоры Махметғали Сарыбеков пен Стратегия, ғылым-инновация және сыртқы байланыс жөніндегі проректор Арман Құдайбергенов шетелде білім алуға жолдама алған студенттермен кездесті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында: Халықаралық бағдарлама аясында:Аланияның Аладдин Кейкубат университетінде (Түркия) – Мемлекеттік және жергілікті басқару БББ-ның 2-курс студенттер Жомарт Мелдехан мен Үсен Мұхамедәлі;Лодз университетінде (Польша) – Шетел тілі: екі шетел тілі БББ-ның 1 және 3-курс студенттері Айдана Серік пен Дариға Шайменова;Намсеул университетінде (Корея) – Шетел тілі: екі шетел тілі БББ-ның 3-курс студенттері Нұрсұлу Айдар мен Асем Тұрсынбек білім алады.
Университет студенттердің бару-келу ұшақ билеттерінің ақысын толықтай қаржыландырады. Бұл – университеттің халықаралық серіктестікті дамыту және білім алушыларға жаһандық тәжірибе алуға мүмкіндік беру жолындағы маңызды қадамдарының бірі.
Кездесу барысында ректор Махметғали Сарыбеков:"Бүгінгі білім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Сіздер шетелде алған біліміңізді ел игілігіне пайдаланып, Қазақстанның дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Ақ жол!" – деп студенттерге сәттілік тіледі.
Халықаралық білім – жаңа мүмкіндіктер алаңы
Бұл бағдарлама студенттерге шетелдік университеттерде академиялық білімін шыңдап, жаңа мәдениетпен танысуға және жаһандық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.