COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Шерхан университетінің студенттері халықаралық аренада топ жарды!

Шерхан университетінің студенттері халықаралық аренада топ жарды!

 

Алпысбай Нұртілеу, Төлен Ерсұлтан және Сейдікәрім Құдайберген кикбоксингтен чемпион атанды!

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен 4-ші WAKO INDIA OPEN халықаралық турнирінде біздің студенттеріміз ерекше жетістіктерге қол жеткізді. 2025 жылдың 1 мен 5 ақпан аралығында өткен 5 күндік жарысқа 10 мемлекеттен 500 жуық спортшы қатысып, өзара күш сынасты.
ҚР ұлттық құрамасы 17 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері осындай үлкен халықаралық жарыста өздерінің шеберліктерін көрсетіп, еліміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Бұл жеңіс еліміздің және университетіміздің абыройын арттыра түсті!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестерге жетулеріңе тілектеспіз!