COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру шарасы жалғасын тапты

Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру шарасы жалғасын тапты

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті кәсіби бағдар беру жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Осы орайда, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында мансаптық форум ұйымдастырылды.

 

 

Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, мамандық таңдауға қатысты маңызды ақпараттар алды. Форум барысында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Гүлшат Құлабекова сөз сөйлеп, білім алушыларды болашақ кәсіби бағыттарын айқындауда белсенді болуға шақырды.

 

 

Шара барысында қатысушылар үшін мәдени және шығармашылық бағдарлама ұсынылды. Өнерлі жастар ән шырқап, би билеп, театрландырылған қойылым көрсетіп, өз таланттарын ортаға салды. Сонымен қатар, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

 

 

Бұл ауқымды іс-шараны Жастар саясаты және тәрбие жұмыстары басқармасы мен Шығармашылық мамандықтар факультеті бірлесе ұйымдастырды.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жастардың болашағына бағыт-бағдар беруді әлі де жалғастырады!

Шерхан университеті – сенің жарқын болашағыңның кепілі!

 

 

 

Баспасөз қызметі