Шерхан университетінің студенттері халықаралық турнирде топ жарды
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері бокстан Boxam Elite-2025 халықаралық турнирінде 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды.
ДШ 22-17, 22-15 тобының студенттері Нұрзат Оңғаров (48 кг) және Бағлан Кенжебек (54 кг) Испанияның Аликанте қаласында өткен додада үздік өнер көрсетіп, 1-орын иеленді.
Сондай-ақ, университетіміздің мақтанышы, "Экономика" факультетінің студенті Дулат Бекбауов (67 кг) мықты қарсыластармен сынға түсіп, қола медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы бұл жарыста 6 алтын, 5 күміс, 7 қола, барлығы 18 медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – біздің мақтанышымыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!