COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / "Есте қалған от жылдар": Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

"Есте қалған от жылдар": Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

 

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде "Есте қалған от жылдар" атты кездесу өтті. Іс-шараны Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы мен "Шығармашылық мамандықтар" факультеті ұйымдастырды.

 

 

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері қатысып, жастық шақтары майдан даласында өткен сәттерді еске алды. Олар студенттерге сол кездегі оқиғалар, қиыншылықтар мен ерлікке толы сәттер туралы баяндап, тарихи тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Жиынның алғы сөзін "Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар" кафедрасының сеньор-лекторы Біржан Үсен бастап, модераторлық етті. Іс-шара барысында ардагерлер рухына тағзым ретінде 1 минут үнсіздік жарияланып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

 

 

Сонымен қатар, университет өнерпаздары патриоттық әндер орындап, жоғарыда аталған факультет студенттері қоян-қолтық ұрыстан арнайы қойылым көрсетті. Бұл кездесудің жастарға патриоттық тәрбие беріп, тарихи жадыны жаңғыртудағы маңызы зор болды.

 

 

Баспасөз қызметі