COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / «Білім мен кәсіп: болашақтың кілті» облыстық Best Practices форумы өтті

«Білім мен кәсіп: болашақтың кілті» облыстық Best Practices форумы өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен «Білім мен кәсіп: болашақтың кілті» облыстық Best Practices форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру мен кәсіптегі үздік тәжірибелерді қолдану арқылы оқушылар мен жастарға кәсіптік бағыт-бағдар беру, олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына көмек көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлікке бағыттау болды.

 

 

Форум аясында үздік тәжірибелі сала мамандары, білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек нарығындағы заманауи талаптар мен сұраныстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жастарға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына көмектесетін шеберлік сыныптары мен кәсіби бағыт-бағдар беру сессиялары өткізілді.

 

 

Іс-шарада ҚР Еңбегі сіңген қайраткерлер, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері: Мухамет-Умар Паншаев, Владимир Худяков, Канат Муратаев, Дастан Оразханов, Айдархан Сихаев сынды суретшілердің еңбектерінен көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ ,Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру пәнінің педагогі Индира Губашеваның «Гончарное искусство в современном мире» тақырыбында, ал «Альянс» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық бірелстігінен келген Елена Голубинскаяның «Художественное оформление изделий в различной технике» тақырыбында  шеберлік сыныптары өтті.

Форум жастарға өз болашағын қалыптастыруда маңызды бағыт-бағдар беріп, кәсіптік дамуға жаңа мүмкіндіктер ұсынды.