COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты облыстық жастар форумы өтті

«Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты облыстық жастар форумы өтті

 

«Баласағұн» орталық концерт залында жастарды тәрбиелік және патриоттық рухта қолдауға бағытталған «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты облыстық жастар форум өтті. Іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялауына орай ұйымдастырылды. Форумның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және саналы ұрпақ тәрбиелеу. Маңызды шараны Жамбыл облыстық полиция департаменті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз унивесритеті ұйымдастырды.

 

 

Форумда көрермендер назарына арнайы сахналық қойылым ұсынылып, форумның алғы сөзін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастады. Ол өз сөзінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезімді нығайту қажеттігін атап өтіп, форумның маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жиын барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев сөз сөйлеп, жастарға құқықтық сауаттылықтың, қоғамдық тәртіптің маңыздылығы туралы ой қозғады.

Форум бағдарламасы аясында «Алаш» қазақ зиялыларының театрландырылған көрінісі қойылып, көрермендерге ұлттық тарих пен тәуелсіздік жолындағы күрес туралы тағылымды оқиғалар ұсынылды.

 

 

Спикерлер қатарында елге танымал тұлғалар жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, Қазақстандық спортшы, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты -Ардақ Назаров, танымал журналист-блогер- Өркен Кенжебек, ақын, аудармашы - Абай Қалшабек, қоғам қайраткері- Оразкүл Асанғазықызы қатысты.

Спикерлер жастарға жігер беретін әсерлі ойларын ортаға салып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тұлғалық даму және ел болашағына үлес қосу жөнінде маңызды мәселелерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадралиев қорытынды сөз сөйлеп, форумның маңыздылығына тоқталды.

 

 

Іс-шара «Алашұлы» тобының орындауында «Батырлар ұраны» және «Атамекен» әндерімен өз мәресіне жетті.

Аталған форум – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін оятатын маңызды алаң болғаны сөзсіз.