Шерхан университеті Жуалы ауданында
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің өкілдері Жуалы ауданына барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кәсіби бағдар беру шарасы барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және студенттік өмірі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Шара аясында университеттің өнерпаз жастары арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер мен әсерлі билер көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Шерхан университеті болашақ талапкерлерді қолдап, олардың дұрыс таңдау жасауына көмектесуге әрдайым дайын.