COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Тараз қ. №4, №13, №27 орта мектебінде жүргізілген жұмыс есебі

Тараз қ. №4, №13, №27 орта мектебінде жүргізілген жұмыс есебі

"Экономика және құқық" факультеті
2019 -2020 оқу жылындағы "Құқықтану" кафедрасының
кәсіптік бағдар бойынша Тараз қ. №4, №13, №27 орта мектебінде
жүргізілген жұмыс есебі

14.02.2020 ж. Құқықтану кафедрасына қарасты №4,№13,№27 орта мектебіне кәсіби бағдар жұмысымен бардық.
Тараз қалалық №4 орта мектебіне "Құқықтану" кафедрасының оқытушылары Ж.Ералиева, А.Қайпулдаева, Н.Құрманалиева мектеп оқушыларына Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті туралы қазақ , орыс тілінде видио ролик көрсетіп, ақпараттар берілді. Жиырма жеті мамандық бойынша маман дайындайтындығы, халықаралық, республикалық спорттық жарыстардың, ғылыми жобалары мен пәндік олимпиадалардың, өнер байқауларының жеңімпаздарына, сонымен қатар, жеңілдіктердің санаттарына анықтама берілді. Олар: ата-анасынан айрылған немесе қамқорлығынсыз қалған студенттерге, ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге, ата-анасы бірініші топтағы мүгедек немесе студенттің өзі 2-3-і топтың мүгедегі болса, Ауған соғысы ардагерлері мен Семей, Чернобыль зардабын жоюға қатысқандардың балаларына, бір отбасына күндізгі бөлімде екі және одан көп студент оқыған жағдайда жеңілдіктер болатындығын, ректорлық гранттар туралы ақпараттар айтылып өтті.
Сондай-ақ ,№13 орта мектебіне Р.Бектұрғанова, А.Мусаева,И.Қуанышева оқушыларға университет туралы видео-материал көрсетіліп, плакаттар, газет және брошюра таратылды. Соның ішінде, оқуға төленетін оқу ақысы туралы, оның тұрақты екенін атап өтілді.

№27 орта мектебіне И.Ильясова, Г.Терлікбаева, Ж.Ералиева мектеп оқушыларына жоғарыда аталып өткен Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті туралы ақпаратты толықтай қамтыды, сонымен қатар оқушылар қойған сұрақтарға толықтай жауап берді. Көбіне оқушылар, төлем ақы, грант туралы сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар алды. Олар қызығушылық білдірді.