COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / МЕМОРАНДУМ

МЕМОРАНДУМ

МЕМОРАНДУМ

2.02.2020-4.02.2020 жылы аралығында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нүкіс филиалына Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы мырза басқарған делегация іс-сапармен келді.
Кездесу барысында екі тарап ауыл шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми монографиялар, мақалалар әзірлеу, ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференциялар ұйымдастыру,өткізу туралы келісті.
Нәтижесінде Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нүкіс филиалы 2020 жылдың мамыр айында ТИГУ-де өткізілетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру құрылымына кіретіндігі шешілді.
Сонымен қатар,Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нүкіс филиалының базасында Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінің оқу-кеңес беру орталығын ұйымдастыру туралы келісім жасалынды. Ол өз кезегінде Қарақалпақстан Республикасы жастарын қажетті мамандықтар бойынша даярлауды қамтамасыз етеді.