COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі»

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі»

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Заң» факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына 4 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын студенттер арасында талқылау, насихаттау мақсатында жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі» атты тақырыпта 1 курс студент жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Болашақа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалалардың мәні мен маңызы туралы, институтта атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы «Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Бекназаров Б.А. кеңінен баяндап берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.