COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Отан үшін - отқа түс, күймейсің! » атты тәрбие сағаты

«Отан үшін - отқа түс, күймейсің! » атты тәрбие сағаты

«Шығармашылық мамандықтар » факультеті Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша 2021 жылдың 7 мамыры Отан қорғаушылар күніне жоспарланған «Отан үшін - отқа түс, күймейсің! » тақырыбында саптық тәрбие сағаты өткізілді.

 

Саптық тәрбие сағаты 2021 жылдың 6 мамырында БӘД мамандығының 1 курс суденттерімен сағат 10.00-де ХТИИ №2 оқу корпусының БӘД мамандығы бойынша саптық алаңында өткізілді.

Тақырыбы айтып тұрғандай студенттерге Отан қорғанышы болып отырған бүгінгі әскери қызметтің маңызы және мерекелер мен демалыстарға қарамай әскери қызметте жүрген әскери қызметкерлердің жанқиярлық еңбектері, сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан аға ұрпақтың ерліктері кеңінен насихатталды.

Саптық тәрбие сағатында аты аңызға айналған Б.Момышұлының қысқаша өмірбаяны мен өнегелік өмір жолынан қысқаша мәлімет беріліп, студенттерге Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде құттықтау керектігі ескертілді.

Саптық тәрбие сағатының соңында студенттерге республикадағы қалыптасқан жағдайға сәйкес сақтанып жүруге кеңес берілді.

 

Тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізген БӘД мамандығының оқытушылары подполковник Турсинбаев М.М., майор Үсен Б.М.