COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Жастар арасында діни танымды қалыптастырудың жолдары»

«Жастар арасында діни танымды қалыптастырудың жолдары»

 

27.05.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, бас оқу ғимаратының мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Кәрібек Дәулет Жамаубайұлының қатысуымен «Жастар арасында діни танымды қалыптастырудың жолдары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 

ХТИИ, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Қамбарбекқызы модератор болған кездесуге Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы, Жамбыл облысы прокуратурасының аға прокуроры Айтжанов С., ҚР ҰҚКД қызметкері Исмағұл К., Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Омаров Ж., Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қалымбетов Н., Жамбыл облыстық Хибатулла Тарази мешітінің найб имамы Бақытұлы Н., ХТИИ студенттері мен профессор оқытушылар құрамы, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында деструктивті қозғалыстарға тартылудың себептері мен оның жауапкершілігі, интернет желісінің қауіп-қатері, жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуда құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани азық, жастар арасында қазақ халқының мұсылмандық діни санасын қалыптастыру сынды тақырыптар қозғалып, баяндамалар жасалды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.