Жаратылыстану факультеті талапкерлерді шақырады
Халықаралық Тараз инновациялық институты 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Институтта 34 бакалавр және 14 Магистратура бойынша білім беру бағдарламалары даярланады.
Соның ішінде «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары білікті ветеринариялық-санитарлық дәрігерлерді даярлау.
Ветеринариялық санитарлық дəрігердің кəсіби қызметің аясы:
- жануарлардың инфекциялық ауруларын балау, алдын-алу жəне жою;
- жануарлардың жұқпалы емес жəне инфекциялық ауруларына қарсы жалпы жəне алдын-алу шараларын ұйымдастыруын жоспарлау жəне ветеринарлық шараларды ұйымдастыру;
- мал шаруашылық жəне жануартекті шикізатқа жəне өсімдік текті өнімдерге ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу;
- жануартекті жəне өсімдіктекті шикізат пен өнімдерге өндірісте, тасымалдауда, сатуда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу;
- жалпы адам мен жануарларға ортақ (антропозооноздар) жануартекті өнім мен шикізат арқылы таралатын аурулардан ескерту;
- адам мен жануарларға ортақ ауру қоздырғыштарының енуінен, сондай-ақ жануартекті шикізат пен өнімдер импорттау кезінде аса қауіпті зооноздардан мемлекет аумағын қорғау;
- жарамсыз өнім мен шикізат арқылы таралатын ауру қоздырғыштарынан қоршаған ортаны қорғау
-ветеринариялық биологиялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және бақылау;
-халыққа ветеринария мәселелері бойынша кеңес беру қызметін ұсынады
-ветеринарлық медицина саласында зерттеулер жүргізуге қатысады
-қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халық арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады
-жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының, сондай-ақ антропозооноздардың таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарына қатысуға
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы халықаралық конвенциялардың талаптары бойынша міндеттемелерін орындауға ықпал етеді және т.б.
- жұмыс берушілерді тарту, зерттеу жүргізу үшін серіктестер табу
- балық өнімдерін, құс, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау
Білім беру бағдарламаларына 2 ғылым докторы, 1 ұлттық ғылым академигі, 6 ғылым кандидаты, 2 магистрант және 3 маман қызмет етеді.
«Ветеринариялық санитария» бойынша бакалавр және магистратура білім беру бағдарламаларына қарасты 5 зертханалар, 1 оқу кабинеті және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғам
Жамбыл филиалында 1 ғылыми–зерттеу зертханасы және «Қазақстан стандарттау және метрология институы» Жамбыл филиалында 1 ғылыми орталықтары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына барлық жағдай жасалған.
Құрметті Талапкер Халықаралық Тараз инновациялық институтына «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасына шақырамыз.