COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жаратылыстану факультеті талапкерлерді шақырады

Жаратылыстану факультеті талапкерлерді шақырады

Халықаралық Тараз инновациялық институты 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Институтта 34 бакалавр және 14 Магистратура бойынша білім беру бағдарламалары даярланады.

Соның ішінде «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр және магистратура білім беру бағдарламалары даярланады.

Мамандықтың артықшылықтары мамандық бойынша диплом өнеркәсіптің кез келген саласында, ғылым саласында, яғни өлшеу құралдары бар кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандық халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие.

Жұмыс орны

-стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары;

-сынақ зертханалары;

-тауарды сараптамадан өткізу мекемелері;

-өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау);

-тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері;

-өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар;

-кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер;

-кеден қызметі, салық полициясы, патенттеу бюросы.

Білім беру бағдарламаларына 2 ғылым докторы, 1 ұлттық ғылым академигі, 6 ғылым кандидаты, 2 магистрант қызмет етеді.

«Стандарттау және сертификаттау» бойынша бакалавр және магистратура білім беру бағдарламаларына қарасты 5 зертханалар, 1 оқу кабинеті және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғам Жамбыл филиалында 1 ғылыми–зерттеу зертханасы және «Қазақстан стандарттау және метрология институы» Жамбыл филиалында 1 ғылыми орталықтары студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына жұмыс атқарады.

«Стандарттау және сертификаттау» білем беру бағдарламасы бойынша бакалавр және магистратура білім беру бағдарламалары 2018 жылы Халықаралық аккердитациядан өтті.

Құрметті Талапкер Халықаралық Тараз инновациялық институтына «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасына шақырамыз.