COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ХТИИ үздік көпсалалы ЖОО қатарында!

ХТИИ үздік көпсалалы ЖОО қатарында!

Жуырда еліміздің Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігі үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының рейтингін жариялап, нәтижесінде Халықаралық Тараз инновациялық институты 14-орынға тұрақтады.

Тәуелсіз агенттік ХТИИ-дің мынадай басым көрсеткіштерін назарға алған: профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің әлеуеті, білім беру бағдарламалары,ғылыми-зерттеу және инновациялық бағыттағы жұмыстар, халықаралық қарым-қатынастар, ақпараттық қамтамасыз ету, түлектердің жетістіктері мен олардың жұмысқа орналасуы және т.б.

Институттың мықты материалдық-техникалық базасы қалыптасқан. Заманауи үлгіде соғылған оқу ғимараттары, спорткешені, шағын спорт алаңдары мен Студенттер үйі қаламыздың көркін келтіріп тұрған нысандар.

Институтта бірегей ғылыми және әдістемелік орталықтар жұмыс істейді:  

Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты, «Мал шаруашылығы және ветеринария» ғылыми-зерттеу орталығы, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Құқықтық зерттеулер және медиация» ғылыми-әдістемелік орталығы,инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы.

         Студенттер үшін Коворкинг орталығының, студенттер сұлулық салонының, видео студия, кино зал, «Адалдық дүкені», кофейня, трансформациялау офисінің жұмысы ұйымдастырылған.  

Алдағы уақытта соңғы үлгідегі кітапхана мен жаңа оқу ғимараты бой көтеріп, балалар бақшасы, «Intellect» лицейі мен Қордай «Intellect» колледжі ашылмақ.

ХТИИ – білім саласындағы жетістігін жаһан жұртына таныта алатын заманауи білім ордасы!

 

#Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

#ХТИИ #Тараз

 

Түзілген тізімде қандай көрсеткіштер негізгі назарға алынғаны туралы мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады

https://iqaa-ranking.kz/rejting-vuzov/rejting-vuzov-kazakhstana-2021/natsionalnyj-rejting-luchshikh-mnogoprofilnykh-vuzov-kazakhstana

 

Ал оқу орны туралы толық ақпаратты біздің ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшалармыздан көріп таныса аласыздар

http://htii.kz/

https://www.facebook.com/itii.taraz

https://www.instagram.com/itii.taraz/