Дөңгелек үстел
26.08.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінің» конференц залында Ата заңымыздың 26 жылдығына байланысты «Қазақстан Республикасы Конституциясы – мемлекет дамуының мықты негізі» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге ХТИИ Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Құлабекова Г.Қ., ЖІЖК мүшелері мен студент жастар қатысты. Баяндамашылар «Конституция – құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі», «Ата заң – алтын тұғырымыз!» «Жеті жарғы – қазіргі қолданыстағы конституцияның қайнар көзі» сынды тақырыптарда ой қозғап, пікір алмасты.