«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»
1.09.2021 жылы ел президенті Қ.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын жолдағаны баршаңызға мәлім. Осы Жолдауды халық арасында түсіндіріп, талқылап, насихаттауды жүзеге асыратын ақпараттық-насихаттық топтар құрылған болатын. Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті М.Жумадилдаев Жамбыл ауданына қарасты Қараой және Тоғызтарау ауылдық округтеріне барып, жұртшылықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.