COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС! (эссе байқауы қорытындысы)

АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС! (эссе байқауы қорытындысы)

Қазан айының 13 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және Рухани жаңғыру» орталығы мен «Заң», «Экономика және бизнес» факультеттері «Ардагерлерге мың алғыс!» тақырыбында 1-курс студенттерімен эссе жазу байқауын ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – жастарды үлкенге құрмет жасай білуге, Отанды сүю, ардагерлердің еңбегі мен төккен терін қадірлей білуге баулу.
Байқауға барлығы 54 студент қатысты. Жазылған жұмыстарға төрелікті институттың ғалым хатшысы, ф.ғ.к, доцент Қ.Тамабаева, «Шерхантану және рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Кембаева, «Заң» факультетінің деканы Н.Асқарбекқызы және «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Ж.Қуатбековтер жасады.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Заң» факультетінің 1 курс студенті Таттыбаева Жібек; ІІ орынды «Заң» факультетінің 1 курс студенті Құдайбергенов Жансерік; ІІІ орынды «Экономика және бизнес» факультетінің 1 курс студенті Бақытжанқызы Ақтолқын иеленсе, «Заң» факультетінің 1 курс студенті Тоқтағұл Дильназ алғыс хатпен марапатталды.
Факультет студенттерінің эссе жазу барысындағы қызығушылықтары мен белсенділіктері өте жоғары дәрежеде болды. «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Кембаева болашақта студенттердің оқу, жазу сауаттылығы мен сөйлеу мәдениетін жоғарылату мақсатында мұндай жазба жұмысының байқаулары өткізіліп отыратындығын жеткізді

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО