COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары

VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары

11-20 қазан аралығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Маңғыстау облысында «Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау және спортқа деген тұрғындардың қызығушылығын арттыру мақсатында VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары ұйымдастырылған болатын.

Ойындарға Қазақстанның 14 облысынан келген 2000-нан астам спортшы қатысты. Өңір командалары спорттың 14 түрінен: теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс және кикбоксингтен жүлдеге таласты.

Осы сайыста Халықаралық Тараз инновациялық институтының ДШ 20-15 тобының студенті Уралбаев Талант кикбоксингтен жүлделі 1-орынды иеленді.

Талантты осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!