COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Жастар ресурстық орталығы»

«Жастар ресурстық орталығы»

2021 жылдың 22 қазан күні Тараз қаласы әкімдінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала әкімі Е.Жылқыбаевтың Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Студенттер үйінің" конференц залында қала жастарымен кездесуі өткізіді. Кездесу алдында қала әкімі ХТИИ-дың "Студенттер үйімен", соңғы үлгідегі заманауи Ақпараттық кітапхана орталығымен танысты.
Кездесудің мақсаты-жастар саясатын жетілдіру мақсатында түрлі санаттағы жастардың ұсыныстарына құлақ түре отыра олармен ой бөлісу.
Аталған кездесуге қаламыздың түрлі санаттағы жетістікке жеткен 29 жасқа дейінгі жастары қатысты. Атап айтар болсақ, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен төрайымдары, үкіметтік емес ұйым басшылары және волонтер жастар белсене ат салысты.
Кездесуде қала әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев сәуір айында өткен жастармен кездесуде көтерілген мәселелер бойыншар атқарылған жұмыстар туралы және алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен бөлісе отырып, жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмысты күшейтетінін атап өтті.