COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазан айының 27 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, ф.ғ.д., профессор Е.Б.Саурықовтың қолдауымен, «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген республикалық «VI Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.
Тараз қаласы және Жамбыл облысы аудандарынан байқаудың 4 бағыты бойынша барлығы 123 оқушы қатысты. Байқауды саралаған қазылар алқасы төмендегі құрамда бекітілді:
І бағыт - «Жұлдызы нұрлы суреткер» бойынша: Төрайым - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Шормақова С. М., және Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ PhD докторанты Т.Б. Нұрбеков.
ІІ бағыт - «Рух пен намыстың төресі» бойынша: Төраға - Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы, белгілі өнерпаз ұстаз, халықаралық, республикалық көркемсөз оқу байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері Р.Д. Нұрақбаев және мүшелер: "AULIEATA-MEDIA" ЖШС Бас директорының орынбасары, Қазақстан журналистер одағының мүшесі – Қазыбаев А.Ш., ХТИИ «Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының» жетекшісі, Республикалық көркемсөз оқу байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері, Республикалық шешендер сайысының жеңімпазы, Абай, Жамбыл, Жұмекен оқуларының жүлдегері Бахтияр Арманұлы.
ІІІ бағыт - «Зау тұлға» бойынша: Төраға - ХТИИ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, АМА профессоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Меңдібай Әбілұлы және мүшесі Халықаралық, республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері Құрманов Н.Б.
ІV бағыт: «Шерхан Мұртаза мұрасы» бойынша: Төрайым - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ә.Ж.Нусупова және мүшесі ХТИИ ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ө.Тамабаева. Республикалық кезеңге бағыттар бойынша І-ІІ орындарды иеленген барлығы 12 оқушы жолдама алды. Сонымен қатар, 3 орын және алғыс хат иеленген оқушылардың саны – 30.
Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне орай аудан әдіскерлері мен мұғалімдері алғысын білдіріп, ХТИИ ректоры Е.Б.Саурықовтың «Шерхан оқулары» байқауын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырғаны – оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.
Республикалық кезең 2021 жылдың 10 қарашасына жоспарланып отыр.

"Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторы