Конференция «Заң» факультеті
Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының конференц залында «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы, Полиция басқармасы, 2-ші полиция бөлім бастығының орынбасары полиция майоры Абдраимов Санжар Сұлтанбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Санжар Сұлтанбекұлы студенттерге Жамбыл облысы Полиция департаменті кіші және орта басшы құрам лауазымдарына қызметкерлерді қабылдауды жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Ішкі істер органдарына қызметке жасы он сегізге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданатындығын айтып, бітіруші түлектерге өз кеңесін айтып, сұрақтарына жауап берді.