«Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспары
2021 жылдың 1 қараша күні Тараз қаласы Жамбыл атындағы № 5 мектеп гимназиясының базасында, Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес, оқушылардың ғылыми зерттеу және танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты да дарынды жастарды іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми жоба конкурсының 2 облыстық кезеңі бастау алды.
Аталған ғылыми жоба байқауында Заң факультетінің оқытушысы, з.ғ.к. Бақтыхожаев Жанғали Жұмақадырұлы комиссия мүшесі ретінде қатысып, сонымен қатар, кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп келді.