COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Yшбас» спорттық асық ойыны және шекемтас ойынынан Тұңғыш ректор кубогы өтті.

«Yшбас» спорттық асық ойыны және шекемтас ойынынан Тұңғыш ректор кубогы өтті.

4.11.2021 күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы, спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері арасында «үшбас» спорттық асық ойыны және шекемтас ойынынан Тұңғыш ректор кубогы өтті.
Негізгі мақсат: институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында сыйластық қарым-қатынысты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау, профессор-оқытушылар құрамы және студенттерді дене шынықтыру мен спортқа баулу болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Үшбас» спорттық асық ойынынан: 1 орын «Жаратылыстану» факультетінен Б.Н.Аширов, 2 орын «Педагогика» факультетінен Е.А.Нурадинов, 3 орынды «Экономика және бизнес» факультетінен А.Д.Сейтов иеленді.
«Шекемтас» ойыны бойынша 1 орын «Экономика және бизнес» факультетінен Г.Т.Мамбетқұлова, 2 орын «Жаратылыстану» факультетінен А.Ж.Шегенбаева, 3 орынға «Педагогика» факультетінен А.О.Утешова ие болды. Сонымен қатар ойында белсенділік танытқан Е.А.Амит, Д.Б.Серік, Н.Сұлтан, Н.Оразов, Т.Саткей мадақтамамен марапатталды.