COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жастар тәрбиесі – ардагерлер борышы

Жастар тәрбиесі – ардагерлер борышы

10.11.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Асабай Қалтай Арынұлының ұйымдастыруымен «Жастар тәрбиесі-ардагерлер борышы» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Аталған жиынға Облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің мүшелері, облыстық Әкелер кеңесінінің төрағасы Ильясов Қонысбай Қуандықұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облысының құрметті азаматы Ордабеков Сағындық, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Юсупова Миясар Амангелдіқызы және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің төрағасы Ысқақов Аманқұл Нұрманәліұлы  қатысты. Тәрбие тақырыбындағы іс-шарада білімгерлер де өз ойларын ортаға салып, талқылады. Бұл іс-шараға  Заманауи техниканы яғни қалта телефонымен компьюторды игергенде өте сақ болу, көптеген жастардың суицидке баруы, жат дінге, басқа да ағымдарға кіріп кетуі орын алуда екенін егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ардагерлер мен жастардың арасында өткен кездесудің тағлымы, тәрбиелік мәні өте жоғарғы дәрежеде өтті. Іс-шара соңында білімгерлерге  Ысқақов Аманқұл Нұрманәліұлы әке тәрбиесі тақырыбында терме орындады.