«Ұлттық музей – тарих қойнауының есігі» тақырыбында онлайн форматта экскурсия өткізілді.
Бүгін, сағат 11-00-де Халықаралық Тараз инновациялық институттың конференция залында «Экономика және бизнес» факультетіне қарасты «Экономика және басқару» кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлттық музей – тарих қойнауының есігі» тақырыбында онлайн форматта экскурсия өткізілді.
Іс-шараны институттың бірінші проректоры Асқар Абдуалы ашып, сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен спикер Қожамұрат Ұлбала өзін таныстыра келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей және Музей «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылғандығы, жалпы көлемі 14 000 м2. асатын экспозициялық алаң 18 залды алып жатқандығы туралы және т.б. мағлұматтар берді.
Бейне-экскурсияда Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және орта ғасыр тарихы, Тарих, Этнография, Қазіргі заманғы өнер залдарының экпонаттары туралы мол ақпараттар берілді. Факультеттің профессор-оқытушылық құрамы мен студенттер бейне-экскурсияны қызығушылықпен тамашалады.
Іс-шара соңында «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Ж.Қуатбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымына ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.