COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ӘУЛИЕАТА АРУЫ – 2021» атты облыстық байқау өтті.

«ӘУЛИЕАТА АРУЫ – 2021» атты облыстық байқау өтті.

Жастар арасында қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қыз баланың инабаттылығын, көрсету, ата-баба дәстүрін насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойынан табу, эстетикалық тәрбие беру арқылы көпұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, дүниетанымын құрметтеуге шақыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «ӘУЛИЕАТА АРУЫ – 2021» атты облыстық байқау өтті.
Аталған сайыста ХТИИ-дің «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің 2 курс студенті Сағатқызы Қарлығаш бақ сынады.
Байқауға қатысушылар «Білгенге маржан», «Сымбат пен сыры жарасқан», «Мен қазақтың қызымын», «Қыз өссе, елдің көркі» деген 4 кезең бойынша сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша 15 үміткердің ішінен студентіміз Сағатқызы Қарлығаш жүлделі 3-орынды иеленіп, бағалы сыйлыққа ие болды.