COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Түлектер арасында кездесу ұйымдастырылды.

Түлектер арасында кездесу ұйымдастырылды.

16.11.2021 күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалында Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлының қатысуымен түлектер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге академияның үздік түлегі ретінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының PhD докторы, «Түлектер ассоциациясының» құрылтайшысы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы да қатысып қайтты.
Кездесу барысында мекеме түлектерінің облыстық деңгейде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып жатқандығы жайында және оны одан әрі дамытуда бірігіп ат салысу керектігі айтылып, мемлекеттік басқару ісін кәсіби-құзыреттілік бағытына бұру қажеттілігі мен түлектер ассоциациясын жандандыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар жас мамандар мен болашақ мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік басқару жүйесіде болып жатқан оңтайлы істерді кеңінен насихаттау қажеттілігі сөз етілді.