“Мен жастарға сенемін” Республикалық форумы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған “Мен жастарға сенемін” атты студент жастардың IX республикалық форумында “Саналы ұрпақ” ең үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауында “ Патриоттық тәрбие” номинациясына Заң факультетінің 4 курс студенті, факультеттің студенттік деканы Бейсенбек Гүлназ ие болды.
Гүлназ сертификатпен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы - ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың алғыс хатымен марапатталды. Құтты болсын, алар асуың аласармасын!
І/т: "Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторы