Абдуалы Асқар Бегәділұлы “Алтын адам” төсбелгісімен марапатталды.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуалы Асқар Бегәділұлы Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Алтын адам” төсбелгісімен марапатталды.
Арнайы шығарылған, ел тәуелсіздігін баянды ету жолында жемісті еңбек еткен зиялы өкілдер енгізілген “Алтын ғасыр” жинағына Асқар Бегәділұлы енгізілді. Жоғары оқу орындарында қаншама жауапты қызметтер атқарып, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар мен ел ертеңіне саналатын жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуде, отандық ғылымды дамытуға, ел руханиятының шын жанашыры бола білген Асқар Бегәділұлы сүбелі үлес қосты.
Алар асуларыңыз биіктей берсін!!!.