«Сот сараптамасы» пәнінде зертханалық жұмыс
Әрбір студент болашағынан үлкен үміт күттіреді. Себебі, біздің институтымызда білімгер болашағына бағдар мол. Құқықтану мамандығының 4 курс студенттері өздері таңдаған мамандықтың тереңіне үңілуде. ХТИИ «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының оқытушысы Алия Шамшарханқызының жетекшілігімен құқық мамандығының 4 курс студенттері «Сот сараптамасы» пәнінде зертханалық жұмыстың жай-күйімен танысты. Мұнда студенттер қолжазба және қолтаңба сараптамасымен танысып қана қоймай, теорияны практикамен ұштастыра білді.
#itii