COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Институтымыздың кафедралары Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқарып келді

Институтымыздың кафедралары Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқарып келді

Институтымыздың «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедралары 3 желтоқсан күні Сарысу ауданына кәсіби бағдар беру жұмыстарымен барып келді.

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Сарысу ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап, осы ауданға қатысты мектеп-гимназия-лицей және  колледждерге кіріп, 11 сыныптармен және колледждің бітіруші түлектеріне Халықаралық Тараз инновациялық институты туралы мәліметтер, білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісіп, қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстырып, жарыс өткізді. Жеңімпаздар «Диплом» және  «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Ауданның «Сарысу» газетіне «Бәсекеге қабілетті, жаңаша талаптары бар білім беру ордасы» тақырыбында мақала жарияланды.