COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Тұғыры биік Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты апталық басталды

«Тұғыры биік Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты апталық басталды

6.12.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институтында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты апталық басталды. Аталған апталықтың аясында ХТИИ «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің «Салтанатты шеруі» ұйымдастырылды. Студенттер екі топқа бөлініп (ұл балалар және қыз балалар) оқу орнымыздың шағын әскери алаңында (платц) сапқа тұрғызылып, салтанатты түрде Әнұран орындалды. Келесі кезекте БӘД мамандығының аға оқытушысы Үсен Б.М. Тәуелсіздігіміздің  30-жылдығына  арналған  қысқаша баяндама жасады. Салтанатты шеруді саптық жүріспен құрмет көрсетіп, «МЕН ҚАЗАҚПЫН» әнін айтып жүріп өтті. Алдағы уақытта мамандықтың беделін көтеру және жастарды қазақстандық патриотизмге баулу мақсатында осындай іс-шаралар түрлі форматта  жиі өткізілетін болады.