COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен партия белсенділерін марапаттау салтанаты өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен партия белсенділерін марапаттау салтанаты өтті

Іс-шарада облыстық филиал төрағасы, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықов еліміздің ең маңызды дата Егемендігіміздің 30 жылдығымен құттықтады. – Бұл мерзім тарих үшін аз ғана уақыт. Дегенмен осы аралықта мемлекет құрып, шекарасын бекітіп, жаһанның алпауыт елдері санасатын деңгейге жету оңай орындалатын іс емес екені анық. Дамушы елдер қатарынан суырылып, дамыған мемлекетке айналу үшін атқаратын талай тірлігіміз, терімізді төгіп жасайтын еңбегіміз әлі алда деп ойлаймын. Барлық саланың қарыштап қадам жасауы үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын. Егемендігіміз мәңгілік болсын, - деді.

Сонымен қатар партия тарапынан түрлі наградаларға ұсынылған бірқатар белсенді азаматтарды марапаттады. Марапатталғандар қатарында ХТИИ қызметкерлері де бар.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалімен 1) Саурықов Ерболат Байұзақұлы – «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, ХТИИ ректоры;
2) Туғанбаев Нұржан Маратұлы – «Ауыл» партиясының Жамбыл облысы бойынша координатор, ХТИИ баспасөз хатшысы.

 Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хатымен» 1) Калиев Рүстем Киікбайұлы – ХТИИ экономика және инфроструктуралық даму жөніндегі проректоры;
2) Туғанбаев Нұржан Маратұлы – «Ауыл» партиясының Жамбыл облысы бойынша координатор, ХТИИ баспасөз хатшысы;
3) Бекназаров Бақтияр Арманұлы – ХТИИ "Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторының жетекшісі;
4) Санақ Олжас Мейірбекұлы – ХТИИ Бағдарламалық қамсыздандыру секторының жетекшісі.

Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Нұрғабылов Мұрат Нуридинұлы – ХТИИ «Жаратылыстану» факультетінің деканы.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының «Құрмет грамотасымен» Сағадинов Төлеген Теміржанұлы – партия Жамбыл облыстық филиалы жанындағы жастар қанатының көшбасшысы, ХТИИ ректорының көмекшісі.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Ел іргесі берік, ел іші аман, жарқын күндеріміз көп болсын!
#Жамбыл Облысы
#Тәуелсіздік 30 жыл
#ХТИИ медиа