COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

2021 жылдың 21-ші желтоқсан күні сағат 11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапхана орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік әнұранымыз орындалып, студент жастарға ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі етіп, рухын көтеру мақсатында бейнеролик көрсетілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облысының «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Исмайл Имранұлы Хаджымуратов пен Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Аман Шоңбайұлы Молдыбаев қонаққа келді.
Тақырыпқа сай Ақпараттық-кітапхана орталығында Тәуелсіздігіміз туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені №4 оқу залының кітапханашысы Тұрсынбаева Наргиза Еркінқызы таныстырып өтті.
Сондай-ақ, талантты білімгерлеріміз ұлттық аспабымыз домбырада күй орындап, білімгерлердің білімін арттыру барысында «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.