COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

«ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2021 жылдың қазан айы мен 2022 жылдың қаңтар айы аралығында Республикалық «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен Акселератор жобасы бойынша арнайы курстан өттік, яғни орнату сессиясының тапсырмаларын орындау жұмыстары жүргізілді. Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Рухани жаңғыру» орталығының атынан «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасымен қатыстық. Акселератор жобасы бойынша республикадан барлығы 260 өтінім берілген. Жоба жетекшілері арнайы платформа арқылы тіркеліп, 21 тапсырманы толық орындап шықтық.

Нәтижесінде пре-акселерация кезеңінен сәтті өтіп, өңірлік жобалық кеңселер жинақтың электронды нұсқасына 108 жобаны таңдады.
Осыдан соң Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен баспаға арналған жинақтың нұсқасына жобаларды іріктеу жүргізілді. Ең үздік жобалар ұсынылатын алаң дайындалды. 3 желтоқсанда Павлодар қаласында республикалық донорлар (меценаттар) форумында көрсету үшін бейнеролик дайындалды. Желтоқсан айының екінші жартысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қатысуымен үздік жобалар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлады. Институтымыздың атынан қатысқан жобамыз ҚР АҚДМ-нің қатысуымен 108 жобаның ішінен жинақтың баспа нұсқасына енді және республикалық әлеуметтік Жәрмеңкеге қатысуға жолдама алды.
Қаңтар айының 21 күні ӘЖА-ның жинағына енген 30 жобаның қорытынды презентациясы ZOOM платформасында өткізілді. Барлығы 12 өңір қатысты.

«Өмірге құштармын!» атты ҚР АҚДМ-нің назарына ілігіп, жинағына енген әлеуметтік жобамыз ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алады. Жобаның негізгі демеушісі - институтымыздың ректоры, жаны жомарт жан Ерболат Саурыков Байұзақұлы.
Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жәрмеңкеге қатысушыларға қоғамдық сананы жаңғыртуға қосқан үлесі мен ынта-жігерлері үшін алғыс білдіріп, еліміздің өркендеу жолындағы еңбегімізге сәттілік тіледі.

ХТИИ «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО директоры Айнұр Тұрарқызы Кембаева