COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Өнер иелері қонақта

Өнер иелері қонақта

Халықаралық Тараз инновациялық институтында өнер майталмандарымен, эстрада жұлдыздарымен, жұлдыздық топтармен, жалпы жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу дәстүрге айналған.

Бүгін оқу орнымызда, институт ректоры Ерболат Саурыков шақырумен қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Досымжан Таңатаров және қазақ сатирасында өзіндік орны бар, актер, пародия саласының үздігі Олжас Сыдықбек студент жастармен кездесті.

Институт қонақтары Студенттер үйімен, заманауи үлгіде жасақталған кино зал, электрондық кітапхана, адалдық дүкені, Студенттердің шығармашылық орталығымен, ұлт аспаптар оркестрі , "Талант" студенттік театры , "Open space" форматында жасақталған кітапхана базасымен танысып, жастарға осындай мол мүмкіндіктер жасаған институт басшылығына зор алғысын білдірді.

Кездесу институтымыздың белсенді жастарымен жалғасын тауып, қонақтардың әңгімесін тыңдап, сұрақтар қойып, "Қонақ кәде" сұрап, Олжас Сыдықбек қызықты пародиядан үзінді келтірсе, Досымжан ағамыз қасиетті домбырамен әсем ән орындады.

Кездесу соңында институт ректоры Ерболат Саурыков қонақтарымызға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.